Қазақстан, Иран, Солтүстік Корея, Пәкістан, Ресей, Судан, Сирия және Тибеттің адам құқықтарын қорғаушы белсенділері бүгін Женевада бесінші рет өтетін Адам құқықтары және демократия жөніндегі саммитке жиналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиында аталған елдердегі адам құқықтарының жай-күйін кеңінен талқыланбақ. Жиын келесі аптада БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесінің жыл сайынғы сессиясы қарсаңында өткелі отыр.
Жиынға Қазақстаннан журналист Лұқпан Ахмедияров, Пәкістаннан зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер құқығын қорғаушы Мұхтар Маи, Ресейлік белсенді және сотталған Pussy Riot панк-тобының мүшесі Надежда Толоконникованың зайыбы Петр Верзилов та қатыспақ.
Саммитті дүниежүзіндегі адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес 20-ға тарта ұйым қаржыландырған.