Оңтүстік Кореяда бүгін жаңадан сайланған әйел президент Пак Кын Хені ұлықтау салтанаты өтті. Сеулдегі ұлттық ассамблеяда өткен ұлықтау рәсімінде 61 жастағы Пак Кын Хе мыңдаған корейліктің алдында ант қабылдады.
Ұлықтау шарасынан соң президент Солтүстік Кореяны ядролық қаруынан бас тартуға және өзінің аз күш-қуатын қару-жараққа жұмсамауға шақырды.
Сайлау кампаниясы кезінде Пак Кын Хе егер Пхеньян ядролық қару жасау ниетінен бас тартса, Солтүстік Кореямен байланысты жақсартуға уәде берген.
Пак Кын Хе Оңтүстік Кореяны 1964 жылдан 1979 жылға дейін басқарған Пак Чжон Хидің үлкен қызы. Ол байлар мен кедейлердің арасалмағы тым алшақтап кеткен елде "экономикалық демократия" орнатуға және "азаматтарды бақытқа жеткізуге" уәде беріп еді.