Ресейдің тергеу комитеті адвокат Сергей Магнитскийдің қазасына қатысты істі жапты. Комитеттің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, "заңгердің абақтыға отырғызылуы заңды және ол 2009 жылы абақтыда жүрек ауруынан қайтыс болған" деген қорытынды жасалған. Тергеушілердің мәлімдеуі бойынша, адвокаттың қазасында қылмыс белгілері жоқ.
Магнитский Ресей шенеуніктерінің 230 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны алаяқтықпен жымқырғаны туралы мәлімдеген соң, оған "салық төлеуден жалтарды" деген айып тағылған. 22 наурызда қаза тапқан адвокаттың үстінен салық төлеуден жалтару айыбы бойынша сот басталуы тиіс еді.
Магнитскийдің өліміне байланысты Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы күрделеніп кеткен еді. Вашингтон оның өліміне қатысы бар делінген ресейлік шенеуніктерге қаржылық санкциялар салып, виза беруді шектеген.
Заңгердің туыстары оны түрмеде азаптады және тиісті медициналық көмек көрсетілмеді деп санайды. Енді олар комитеттің Магнитский өліміне қатысты тергеуді тоқтатуына қарсы шағым беретіндерін айтады.