Accessibility links

Қырғыз журналистері наразылық танытты


Қырғыз журналистерінің парламент алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 1 сәуір 2013 жыл.
Қырғыз журналистерінің парламент алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 1 сәуір 2013 жыл.
Бүгін Бішкекте ел парламенті ғимараты алдында бір топ қырғыз журналисі мен азаматтық белсенділер наразылық акциясын өткізді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, жиналғандар депутат Ұлықбек Кочкоровтың парламентке қырғыз және орыс тілдерін қатар білетін журналистерді ғана кіргізу туралы ұсынысына қарсылық танытқан.

28 наурызда Ұлықбек Кочкоров Жогорку Кенеште қырғыз тілін білмейтін кейбір журналистер парламентте таратылған ақпаратты бұрмалайды деп, қырғыз және орыс тілдерін қатар білетін журналистерді ғана кіргізу туралы ұсыныс жасаған еді. Журналистердің пікірінше, депутат бұл ұсынысы арқылы ақпарат құралдары өкілдерінің ақпарат алу құқығын шектеп отыр.

Наразылықты ұйымдастырушылардың бірі, "МК-Азия" газетінің бас редакторы Ұлықбек Бабақұлов "депутаттардың кейбір журналистерге ақпарат бермей қоятын кездері жиі кездесетінін" айтады.
XS
SM
MD
LG