Accessibility links

Қытай экономикасының оңалғанын айтты


Статистикалық мәлімет (Көрнекі сурет).
Статистикалық мәлімет (Көрнекі сурет).
Қытайда сәрсенбіде жарияланған деректерге қарағанда, елдің экспортқа шығаратын тауар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға, ал биылғы наурыз айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 10 пайызға көбейген. Импорт көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 16,8 пайызға артқан.

Қытайда жыл басынан бергі үш ай бойы жалпы ішкі өнімнің өсімі 7,7 пайызға төмендеп кеткен еді.

Кейбір сарапшылар Қытайдың қазіргі экономикалық өсімі мемлекеттің инвестициясы мен банктік несиелендірудің арқасында жақсарғанын, бірақ сауда мен инвестиция көлемі азайса өсімнің де төмендейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG