Accessibility links

Өзбекстанда 6 балдық жер сілкінісі болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
АҚШ геологиялық қызметінің дерегі бойынша, жексенбіде Өзбекстанның шығыс бөлігінде магнитудасы 6 балды құраған жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Самарқанд облысындағы Булунгур қаласынан 19 километр қашықтықта тіркелген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.

Зілзала дүмпуі жер сілкінісі ошағынан 200 километр қашықтықтағы Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында да сезілген.
XS
SM
MD
LG