Қазақстан биыл қазаннан кешіктірмей Каспий теңізінің Қашаған кенішінен мұнай өндіруді бастайды. Бұл туралы елдің мұнай-газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.
Кеніштен мұнай жөнелтілетін аралдардың даярлығын көрген министр қазір «жоба 98 пайызға әзір» екенін айтқан. «Өндіру жұмыстарын қазанда бастауға үміт бар. Одан бұрын болса тіпті жақсы» дейді Ұзақбай Қарабалин.
Министр сонымен бірге америкалық ConocoPhillips компаниясының үлесін Қытай сатып алар болса, Қазақстанның мұнай-газ саласында көрші елдің позициясы күшейіп кетпей ме деген сауалға түсініктеме берген.
«Меніңше, одан ешқандай қауіп жоқ. Егер ол ірі компания болса, онда жобасында істес болатын одан да ірі компаниялар бар. Біз үшін маңыздысы – өнімдер мен өнімдер бөлімі бекітілген келісімге сай болса болғаны» дейді Ұзақбай Қарабалин.
Бұған дейін Қазақстан үкіметі америкалық ConocoPhillips компаниясының Қашаған жобасындағы 8,4 пайыздық үлесін сатып алатынын хабарлаған. ConocoPhillips сатылатын акция бағасы шамамен 5 миллиард АҚШ доллары екенін айтқан.
ConocoPhillips Қашағандағы үлесін әуелі үндістандық ONGC Videsh компаниясына сатпақ болған еді. Бірақ Қазақстан үкіметі артықшылық құқығын пайдалана отырып, ол үлесті сатып алатынын ескертті. ConocoPhillips-тің Қашағандағы үлесін сатып алуға Қытайдың мемлекеттік CNPC компаниясы да қызыққаны хабарланған.
Мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағаланған Қашаған кен орнын барлаған мұнай компаниялары 13 жылда 48 миллиард доллар жұмсаған.