23 шілде күні Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада екі ел әскерилері арасында атыс болып, өзбек шекарашысы қаза тапқаны хабарланды. Бұл мәліметті Қырғызстанның шекара қызметі таратты.
Оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10.25 шамасында Жалалабад облысы Ақсы ауданының Жетизагара деп аталатын жерінде болған. Ресми мәліметке қарағанда, үш қырғыз шекарашысы Өзбекстанның екі шекарашысының "қырғыз жеріне заңсыз кіріп кеткенін" көрген. "Ескертпелерге қарамаған өзбек шекарашылары жанжал шығарды" деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Қырғызстан шекара қызметінің өкілі Сажира Чоколаеваның айтуынша, "салыстырмалы түрде" өзбек шекарашылары бірінші болып қару қолданған. Атыс кезінде Өзбекстанның бір шекарашысы қаза тауып, екіншісі жараланған. Қырғызстан шекарашыларынан ешкім зардап шекпеген.
Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Тоқан Мамытовтың сөзінше, әзірге бұл оқиғаға қатысты Өзбекстан жағы байланысқа шықпаған және ұстанымдарын білдірмеген. Ол өзбек шекарашыларының қырғыз жеріне бес метрдей кіріп кеткенін айтты.
Мамытовтың айтуынша, басқа Өзбекстан шекарашылары қаза тапқан және жараланған серіктерін шекарадан алып кеткен.