Accessibility links

АҚШ шетелдегі азаматтарына теракті қаупі барын ескертті


АҚШ туы. Көрнекі сурет.
АҚШ туы. Көрнекі сурет.
АҚШ мемлекеттік департаменті шетелдегі өз азаматтарына «Әл-Қаида» ұйымы және онымен байланысы бар топтардың тарапынан террорлық шабуылдар қаупі барын ескертті.

Жұма күні мемлекеттік департаменттің сайтында жарияланған мәлімдемеде тамыз айында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде терроршылар шабуыл жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат АҚШ-қа белгілі болғаны айтылған. АҚШ үкіметі америкалықтарды қырағы болуға шақырып, әсіресе көліктер мен туристік нысандар орналасқан жерлерде терактілер болуы мүмкін екенін ұмытпауды ескерткен. Тамыз айының соңына дейін террорлық шабуыл қаупі бар екендігі айтылып отыр.

Бұған дейін мемлекеттік департамент АҚШ-тың шетелдегі бірқатар дипломатиялық өкілдіктері қауіпсіздік мақсатында 4 тамыз, жексенбі күні уақытша жабылатыны туралы мәлімдеген еді. АҚШ ақпарат құралдары ресми тұлғаларға сілтеме жасай отырып, негізінен мұсылман елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктер жабылатынын хабарлаған. Мұсылман елдерінде жексенбі – жұмыс күні.
XS
SM
MD
LG