Германия үкіметі 1968 жылы АҚШ, Франция және Ұлыбританиямен бірге жасаған телекоммуникация торабын бақылау туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді. Германия сыртқы істер министрлігі жұма күні аталған үш елге тиісті құжаттар жіберілгенін мәлімдеген.
Осы аптада британ және неміс басылымдары Ресейден уақытша баспана алған АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденге сілтеме жасап, АҚШ-тың барлау қызметінің телефон байланыстары мен интернетті қалай бақылайтыны туралы жаңа деректер жариялаған еді.
Азаматтардың хат жазу, сонымен бірге почта және телефон байланысы құпиясын шектеу туралы заң Германияда 1968 жылы қабылданған. Сол жылы АҚШ, Ұлыбритания және Франциямен жасалған келісім бойынша, Вашингтон, Лондон мен Париж Германияның конституцияны қорғау жөніндегі федералды мекемесі мен федералдық барлау қызметінен (BND) өздері сұратқан ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болған еді.
Германия ресми өкілдерінің айтуынша, 1990 жылы екі Германия біріккен соң жоғарыда аталған келісім бойынша ешқандай өтініш түспеген.