Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша алқасы оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың ісін қайта қараудан бас тартты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова телефон арқылы хабарлады.
"Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан жоғарғы сотының судьясы Моряк Шегенов "істі қайта қарауға негіз жоқ" деп мәлімдеген.
Осыдан екі ай бұрын Владимир Козловтың адвокаты Венера Сәрсембина жоғарғы сотқа саясаткердің ісін қайта қарауды және оны кінәсіз деп тануды сұрап шағымданған еді.
Әлия Тұрысбекованың айтуынша, сотқа үш судья қатысып, Моряк Шегенов төрағалық еткен. Прокурор "Козловтың ісі бойынша қадағалау ісін ашуға негіз жоқ" деп мәлімдеген. Бұдан соң судьялар оңаша кеңесіп, адвокаттың шағымын қараудан бас тартқан.
Сотқа Польша, Италия парламентінің депутаттары, құқық қорғаушылар қатысқан.
Маңғыстау облыстық ауданаралық қылмыстық соты 2012 жылы 8 қазанда тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты 7 жыл 6 айға соттап, мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Оған "әлеуметтік араздық қоздырды", "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптар тағылды.
Бұған дейін, 2012 жылы 19 қараша күні Маңғыстау облыстық соты Козловтың апелляциясын қарап, үкім өзгеріссіз қалған еді.