Accessibility links

БҰҰ: Сирияға химиялық қару сарапшылары баруы керек


Сирия астанасы Дамаск қаласының маңы. 21 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Сирия астанасы Дамаск қаласының маңы. 21 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет.
БҰҰ-ның қарусыздану басқармасының басшысы Ангела Кейн бүгін Дамаскіге келді. Ол Сирия басшылығын осы елге БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі сарапшыларының келуіне рұқсат беруге көндіру үшін келіп отыр. Сирияда «химиялық қару қолданылған» деген хабардан соң БҰҰ осы елге арнайы тексерушілер жіберу қажеттігін мәлімдеген.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия билігі мен оппозиция күштерін жаппай кісі өліміне әкелген оқиғаны тексеру және жаппай қырып-жою қаруын қолдануға бұйрық бергендерді анықтау үшін БҰҰ-мен ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған еді.

Сириядағы химиялық шабуылға қатысты әртүрлі мәліметтерде 500-ден 1300-ге дейін адам қаза болғаны айтылады.

Сирия үкіметі химиялық шабуылға еш қатысы жоқ екенін айтады. АҚШ жаппай қырып-жою қаруының қолданылғанын растайтын дерек табылмағанын мәлімдеген.

Сирия билігі мен оппозициялық көтерілісшілер бір-бірін "химиялық қару қолданды" деп айыптайды.

30 айға жуық уақытқа созылған қақтығыстарда Сирияда 100 мыңнан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG