Ресейдің Новгород облысындағы Лука елді мекендегі психиатриялық ауруханада өткен түні болған өрт салдарынан кемінде екі адам мерт болған.
Бұл туралы жұма күні облыс губернаторы Сергей Митин хабарлаған. Оның айтуынша, үш адам өрттен жеңіл жарақат алған. Ресей ақпарат құралдары қаза болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін деп хабарлады.
Ағаштан тұрғызылған жалғыз қабатты аурухана ғимараты толық жанып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мекемеде болған 60-қа жуық адамның 15-і – төсек тартып жатқан науқастар екенін хабарлаған. 23 адам өрт болған жерден шығарылған, ал 37 адамның тағдыры әзірге белгісіз.
Бұған дейін тараған ақпаратта өртенген ғимараттан адамдарды құтқарып жүргенде осы ауруханада жұмыс істейтін бір әйелдің қаза тапқаны айтылған еді.
Ресейде осыған ұқсас қайғылы оқиғалар бұған дейін де тіркелген еді. Биыл сәуірде Мәскеу маңындағы психиатриялық ауруханада өрт болып, 36 адам қаза тапқан.
2009 жылы қаңтарда Ресейдің Коми республикасындағы Подъельск ауылында қарттар үйі өртеніп, 23 адам мерт болған еді.