Accessibility links

Пәкістанда жарылыс құрбандары саны 81-ге жетті


Жарылыстан қаза болғандардың мәйіттері жанында жиналып тұрған пәкістандық христиандар. Пешавар, 22 қыркүйек 2013 жыл
Жарылыстан қаза болғандардың мәйіттері жанында жиналып тұрған пәкістандық христиандар. Пешавар, 22 қыркүйек 2013 жыл
Пәкістан билігі Пешавар қаласы маңындағы христиан шіркеуінде болған жарылыстан қаза тапқан адамдар саны 81-ге жеткенін хабарлады. Федералдық ішкі істер министрі Чаудри Нисар Әли Хан 100-ге тарта адамның жараланғанын, оның 10-ы ауыр халде жатқанын айтады.

22 қыркүйекте қала маңындағы Әулие Иоанн шіркеуінде екі жанкешті өз-өздерін жарып жіберген мезетте шіркеуде 600-ге тарта адам болған.

Христиандар Пәкістан халқының 4 пайызын құрайды. Исламшыл экстремистер ара-тұра оларға шабуыл жасап тұрады. Жексенбідегі жарылыс - пәкістандық христиандарға осы кезге дейін жасалған ең үлкен шабуыл болды. 2009 жылы Годжра қаласында христиандардың үйлері мен шіркеуі өртелген еді.

Пешавар - Хайбер-Пахтунхва провинциясының орталығы.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Пәкістанды азшылық өкілдеріне ең қауіпті елдердің қатарына қосады.
XS
SM
MD
LG