2000 жылы ашылған Қашаған кенішінде алғашқы мұнай өндіру биыл қыркүйектің 11-і күні басталды. Бірақ ұзақ күттірген жобаның іске қосылғанына жарты ай ғана өткенде – қыркүйектің 25-і күні Қашағанда апат болып, кеніштегі жұмыстар тоқтап қалды.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Қашағандағы D аралынан келетін газ құбыры жарылып, кеніштің барлық ұңғымаларында мұнай өндіру тоқтатылды.
Қазақстан білім және ғылым министрлігі экономика институтының профессоры Олег Егоровтың пікірінше, «Қашағанда қауіпсіздік жүйесі мүлде ойластырылмағандықтан, кеніш іске қосуға дайын емес еді».
– Апат болған жерге бір сағатта жете алатын арнайы бөлімшелер жағалауға жақын маңда дайын тұруы тиіс. Кезінде апат жағдайында адамдарды тез жеткізу үшін жабдықталған кемелері де тұратын база құру жоспарланғанымен, әзірше ондай ештеңе жоқ. Жобаға қатысушылардың бар үміті – «мұнай мен газды жағалауға аман-есен жеткізсек, ары қарай құбырмен Еуропаға немесе басқа бір жақтарға кетеді» деу ғана, – дейді Олег Егоров.
Журналист Ярослав Разумов «Қашағанды іске қосқанымен, біраз уақыттан кейін мұнай өндіру жұмыстары белгісіз мерзімге қайта тоқтатылуы мүмкін» деп жазған еді. Оның айтуынша, мұндай апаттар қайталануы ықтимал.
– Мына апат әлі көп шаруа істелмегенін немесе толық бітпегенін көрсетеді. Қашағанды іске қосу мерзімі 8 жыл бойы кейінге қалып келді. Бұдан ары созу мүмкін болмағандықтан, биыл саяси себептермен қосылған сияқты. Дайындықсыз іске қосылған Қашағанның мұнайы өте қымбат, ал кенішті пайдалану қиын болады, – дейді журналист Азаттық тілшісіне.
Қазақстанның мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин: «Жұмыстың тоқтауы коммерциялық мұнай өндіру мерзіміне әсер етпеуі тиіс. Жүйе жөнделіп жатыр дегеннен гөрі, кеніштің жұмысы реттеліп жатыр деген жөн болар. Үш-төрт күн мұнай өндірілмейді» деп мәлімдеді.
Кейбір есеп бойынша мұнай қоры 35 миллиард баррельге жетеді деп болжанған Қашаған кенішіне Қазақстан үкіметі көп үміт артып отыр. Қашағанды игеру арқылы ел әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің біріне айналады деп болжанады.

Жұмыстың тоқтауы коммерциялық мұнай өндіру мерзіміне әсер етпеуі тиіс.Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.