Accessibility links

Әзербайжан оппозициясы шеру өткізді


Әзербайжандағы оппозиция шеруі. Баку, 28 қыркүйек 2013 жыл.
Әзербайжандағы оппозиция шеруі. Баку, 28 қыркүйек 2013 жыл.
28 қыркүйекте Баку қаласында оппозиция атынан президент сайлауына түсіп жатқан Жамиль Гасанлы шеру өткізді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, шеруге оппозицияны қолдайтын 10 мыңға жуық адам қатысқан. Полиция бұл митингіге мың жарым адам ғана жиналғанын айтады.

Гасанлы - Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиевтің сайлаудағы негізгі бәсекелесі. Сайлау 9 қазан күні өтеді.

Оппозиция шеруіне келгендер "Ильхам, кет!" деп ұрандатқан.

Жамиль Гасанлы Әлиевті "бюджет қаражатын талан-таражға салды" деп айыптайды.

Оны "Әзербайжан демократиялық күштерінің ұлттық кеңесі" қолдайды. Бұл кеңес елдегі оппозициялық партиялар мен топтарды біріктіріп отыр.
XS
SM
MD
LG