"Нұр Отан" партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісі, мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулинның айтуынша, партия депутаттары салық кодексіне түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасының көлік құралдары мен тұрғын үйге салынатын салықты өсіруге қатысты кейбір баптарымен келіспейді.
"Салық кодексіне енгізілетін түзетулер әлеуметтік әділеттілік негізінде қолданылуы тиіс" деген Нығматулинның сөзінше, тек "қымбат көлік пен қымбат үйлері бар, табысы жоғары азаматтарға салынатын салықты ғана арттыру қажет".
Депутаттар 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін сатып алынған, қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден аспайтын көлік құралдарының салық көлемін бұрынғы күйінше қалдыруды қолдайды. Бұған дейін экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктердің салығын төрт есеге өсіретін заң жобасын ұсынған еді.
Нұрлан Нығматулин депутаттардың қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден асатын көлік құралдарына салықты көбейтуді ұсынатынын айтады.
Депутаттар бұған қоса үкіметтің үй салығын жаппай көбейту ұсынысына өзгеріс енгізуді қалайды. Нығматулиннің айтуынша, үйдің салығын оның құнына қарай белгілеу қажет.