Accessibility links

Хамид Карзай "Лойя джирга" құрылтайын шақырмақ


Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз жиыны кезінде. Кабул, 7 қазан 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз жиыны кезінде. Кабул, 7 қазан 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-пен жасалатын пактіні талқылау үшін "Лойя джирга" құрылтайын (ақсақалдар кеңесі) шақыратынын мәлімдеді.

Кабулда журналистермен кездескен Карзай үкімет құрылтайда қабылданатын шешімге бағынатынын айтты. Ол халқы келесі жылы елден халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейін америкалық бөлімшелердің елде қалуына рұқсат ететін келісім жасалғанын күтетінін, бірақ келісім "Ауғанстанның мемлекеттік мүдделерін еске алуы тиіс" екенін ескертті.

Кабул мен Вашингтон 2012 жылдың қарашасынан бері пактіге қатысты келіссөздер жүргізіп келеді. Карзайдың сөзіне қарағанда, ымыраға келу әрекеті елдің егемендігі мен басқа да мәселелерге қатысты түсініспеушілік тудырады. Ол Кабулдың Вашингтоннан "Талибан" шабуылынан, терроризм қаупінен және америкалық әскерилердің бомбалауынан қорғауға кепілдік беруді талап ететінін айтады.
XS
SM
MD
LG