Қостанай облысындағы Қалам-Қарасу ауылының әкімі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін суретке түсірген әйелге қол көтергені үшін әкімшілік жазаға тартылды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі, облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Соттың ақпаратына қарағанда, айыпталушы әкімдік жанындағы президент Назарбаевтың портретін суретке түсіріп алған әйелді кабинетіне шақырып, президент портретін не үшін суретке түсіргенін сұраған, сосын әйелді буындырып, бірнеше рет ұрған. Жәбірленушінің миы шайқалып, денесі көгерген.
Айыпты деп танылған әкімге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (шамамен 86 мың 550 теңге) айыппұл салынған.