Accessibility links

Иранда 16 адамның дарға тартылғаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Иранның Систан-Белуджистан провинциясы әділет мекемесінің басшысы Мохаммад Маризех бүгін таңертең Захедан түрмесінде 16 адамның дарға тартылғаны туралы хабарлаған. Оның айтуынша, бұл өткен түні Пәкістанмен шекарада жасалған «шабуылға жауап болған».

«Біз бейбіт тұрғындарға немесе қауіпсіздік күштеріне қарсы жасалған кез келген шабуыл жауапсыз қалмайтыны туралы ескерткенбіз» деп мәлімдеген Маризех. Бірақ дарға тартылғандардың кешегі шабуыл жасағандарға қатысы бар-жоғы туралы ештеңе айтпаған.

Бұған дейін сенбіге қараған түні Пәкістан-Иран шекарасында белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, ирандық 14 шекарашыны өлтіргені туралы хабарланған еді.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Әли Абдулла «шабуылды торуылдан жасағандар» иран шекарашыларынан үш адамды «Пәкістан жеріне алып кеткенін» айтқан.
XS
SM
MD
LG