Accessibility links

Маргвелашвили Грузия президенті қызметіне кірісті


Георгий Маргвелашвили.
Георгий Маргвелашвили.
Грузияның сайлаудан жеңіп шыққан жаңа президенті Георгий Маргвелашвили бүгін ресми түрде қызметіне кірісті. Ол 17 қараша күні халыққа және мемлекетке адал қызмет атқару туралы ант берді.

Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде ол "Мәскеумен қатынас" тақырыбын да қозғады. Оның сөзінше, "Екі ел арасындағы күрделі қатынастарға қарамастан, Грузия Ресеймен диалогқа дайын". Маргвелашвили "қалай болғанда да Грузияның аумақтық тұтастығы мен егемендігі құрметтелуі тиіс" деді.

Ұлықтау рәсіміне Ресейден өкіл келмеді. Екі ел арасында дипломатиялық байланыс үзілген.

"Грузия арманы" коалициясының кандидаты 27 қазан күні президент сайлауында жеңіп шыққан еді. 44 жастағы Маргвелашвилиге сайлаушылардың 62 пайызынан астамы дауыс берген. Бүгінгі ұлықтау рәсімімен қатар, өзгерістер енгізілген конституция да күшіне енеді. Онда билік құзыры президенттен гөрі премьер-министрге көбірек берілген.
XS
SM
MD
LG