Accessibility links

Еңбек миграциясы туралы заңға өзгеріс енгізілді


Қазақстанда жұмыс істеп жүрген мигранттар. Жаңаөзен, 6 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген мигранттар. Жаңаөзен, 6 желтоқсан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының еңбек миграциясы мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заңның негізігі мақсаты - еңбек мигранттарын заңдастыру, жеке адамдардың шетелдік жұмыс күшін пайдалануына рұқсат беру тәртібін оңайлату.

Бұған дейін Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия «Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқығының ахуалы туралы» арнайы баяндама даярлаған еді. Онда комиссия «Қазақстандағы еңбек мигранттары құқын бұзуға өздері жол береді де, бір бөлігі еңбек құлдығына тап болады» деген тұжырым жасаған. Бірақ үкіметтік емес ұйымдар жұмыс берушілер мигранттарға қиянат жасайтынын, жұмыс берушілерге құқық қорғау орындары "жақтасатынын" айтады.
XS
SM
MD
LG