Accessibility links

БҰҰ: Оңтүстік Суданда қақтығыс құрбандары артты


Оңтүстік Судан президенті Салва Киир.
Оңтүстік Судан президенті Салва Киир.
БҰҰ мәліметінше, Оңтүстік Суданда қарулы қақтығыстарда жүздеген адам қаза тапқан. Ел астанасы Джубадағы дереккөздеріне сүйенген БҰҰ қызметкерінің айтуынша, зорлық-зомбылықтан 400-ден 500-ге дейін адам құрбан болған болуы мүмкін.

Оңтүстік Судан президенті Салва Киир бұрынғы вице-президенттің бірінің жақтастары - әскерилерді елде төңкеріс жасамақ болды деп айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Францияның тұрақты өкілі Жерора Ароның ақпараты бойынша, Оңтүстік Судандағы қақтығыстар этникааралық жаулықтан туған.

Қазір БҰҰ-ның Джубадағы миссиясы аумағына Оңтүстік Суданның 20 мыңға тарта тұрғыны бас сауғалап барған.
XS
SM
MD
LG