Accessibility links

Сноуден рождестволық жолдау жасады


Эдвард Сноуден ұлыбританиялық Channel 4 телеарнасынан Рождествоға арналған жолдауын оқып тұр. 24 желтоқсан 2013 жыл.
Эдвард Сноуден ұлыбританиялық Channel 4 телеарнасынан Рождествоға арналған жолдауын оқып тұр. 24 желтоқсан 2013 жыл.
Ұлыбританиялық Channel 4 телеарнасы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің рождествоға арналған жолдауын көрсетті. Бейнежазба Сноуден уақытша тұрып жатқан Ресейде түсірілген.

Екі минуттық үндеуінде Сноуден бүгінгі күндері туған бала "адамның жеке өмірі деген ұғым" барын білмей өсіп-жетілетінін айтып, "жаппай тыңшылық жасауды тоқтату қажет" деп мәлімдеген.

"Адамның өз жеке өмірін қорғау құқығы - біздің кім болғымыз келетінін айқындайтын маңызды нәрсе" дейді Сноуден.

Ұлыбританияда телеарналар жыл сайын бұл уақытта ханшайымның дәстүрлі рождестволық жолдауын таратып жатқанда Channel 4 балама жолдауларды береді.

Эдвард Сноуден Ресейден биыл тамызда бір жылға баспана алған. Ол америкалық арнайы қызметтің азаматтардың телефон және электрондық байланыстарына тыңшылық жасайтын бағдарламалары барын, АҚШ-тың бірқатар шет мемлекет басшыларының телефондарын тыңдайтынын жария еткен.

АҚШ Сноуденді құпия құжаттарды ұрлады деп айыптап, Ресейден оны қайтаруды талап етеді.

Сноуден осыдан екі күн бұрын Washington Post басылымына берген сұхбатында "өз миссиясының орындалғанын" айтқан еді.
XS
SM
MD
LG