Accessibility links

Иракта бір тәулікте жүзден аса адам өлді


Фаллуджа қаласындағы жұма намазы. Ирак, 3 қаңтар 2014 жыл.
Фаллуджа қаласындағы жұма намазы. Ирак, 3 қаңтар 2014 жыл.
Ирактың Анбар провинциясында соңғы тәулікте сүнниттер мен полиция қақтығысып, жүзден аса адам қаза тапты. Сүнниттер шииттердің билігіне қарсы шыққан.

Қақтығыс ошағы - Рамади және Фаллуджа қалалары. Жергілікті билік қақтығыстардан 30-дан астам бейбіт тұрғыны және "Ирак ислам мемлекеті" ұйымының 70 шақты қарулы жауынгері қаза тапқанын хабарлады. Полиция қатарында қанша адам шығыны болғаны айтылмайды.

Бейсенбі күні Анбар провинциясында сүнниттер көтеріліп, "Әл-Қаидамен" байланысы бар содырлар Фаллуджа және Рамади қаласының негізгі аудандарын басып алған еді. Шетелдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бұл қалалардан содырларды тықсырып шығаруға тырысқан армия ауыр ұрыстар жүргізген.

Қақтығыстар 30 желтоқсан күні басталды. Сол күні сүнниттердің шеруін қуып-таратқан полиция оларға күш қолданған. Сүнниттер Ирактың шиит премьері Нури әл-Маликидің билігіне қарсы көтерілген. Малики наразылар шеруін "Әл-Қаида" ордасы" деп атаған. Шеруді күшпен тарату кезінде де жүзден аса адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG