Украина оппозициясы жетекшісі Виталий Кличко Еуропа елдерінің басшыларын Украина үкіметі мүшелері мен ел президенті Виктор Януковичке санкция жариялауға шақырды.
Ол "Германияда мен Еуропа депутаттарымен және саясаткерлерімен кездестім. 10 қаңтар күнгі полицияның шерушілерге күш қолдану әрекетін талқыладық. Олар "Украина билігі шерушілерге күш қолданбайтын шығар деп ойлағанбыз, өйткені биліктің өзі сондай уәде берген" дейді. Бірақ олардың пікірі қазір өзгерді. Янукович режимінің ештеңеден тайынбайтынын көріп отыр. Сондықтан қазір Янукович пен оның маңайындағы адамдарды Еуропаға кіргізбеу туралы санкция жариялануы керек деп ойлаймын. Янукович режимінің негізгі тұлғаларының жеке бастарына жарияланған санкция оларды ойландыратын шығар" дейді.
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы бұл мәлімдемесін 10 қаңтар күні Киевтегі шерушілер мен ОМОН қақтығысқаннан кейін жасаған.
Украина астанасындағы қақтығыстардан кем дегенде 10 шеруші жарақат алды. Зардап шеккендердің ішінде Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Луценко да бар.
Қақтығыс Киев соты үш адамды "2011 жылы Ленин ескерткішін жармақ болды" деп, алты жылға бас бостандығынан айырғаннан кейін басталған.
Полицияның күш қолдану әрекеттеріне наразы болған 100-ден аса адам көлік шеруін ұйымдастырып, «Беркут» арнайы жасағының штаб-пәтерінің алдында көлік сигналдарын кернейлетіп, акция өткізді.