Иран мен әлемнің алты державасы Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған уақытша келісімді 20 қаңтардан бастап іске асыруға келісті.
Бұл туралы 12 қаңтарда Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи Женевада Еуропа одағы және Иран өкілдерінің келіссөздерінен соң мәлімдеді.
- Иран мен "алтылық елдерінің" бірлескен іс-қимыл жоспарының алғашқы тетіктерін іске асыру туралы "Женева келісімі" аталып кеткен келісім аяқталды. Келісім 20 қаңтардан бастап жүзеге аса бастайды, - деді Аракчи Иран мемлекеттік телеарнасына.
Женевада жасалған келісім Иранның ядролық бағдарламасын реттеуге қатысты 2013 жылы қарашада жасалған уақытша келісімді іске асырудың бір бөлігі саналады.
Женева келісімінің 20 қаңтардан бастап жүзеге аса бастайтынына АҚШ президенті Барак Обама қолдау білдірді. Ақ үй таратқан арнайы мәлімдемеде Обаманың "келісімді іске асырудың қаншалықты қиын болатынын елестете алмайтыны, бірақ ондай жағдайда дипломатиялық тәсілдерге сүйенуге болатыны" айтылады.
Обаманың айтуынша, қатаң санкциялар мен дипломатия Тегеранды келіссөздерге жүгінуге мәжбүр еткен. Ол бұған қоса 20 қаңтардан бастап Иран бірінші болып өзіндегі байытылған уран қорын жойып, уран байытатын бірқатар нысандарын істен шығара бастайтынын еске салды.
Келісім бойынша, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия және Еуропа одағы Иранға қарсы санкцияларын Тегеран өзіне алған міндеттемелерін қаншалықты орындағанына сай алдағы алты айда біртіндеп жұмсарта бастамақ.
Бірақ президент Обама егер Иран міндеттемелерін орындамаса санкциялар қатаңдатылатынын ескертті.