Ирактағы "Ансар ас-Сунна" исламшыл радикалдық тобы желтоқсанның соңында болған жарылыстарды мойнына алып, Сочиде өтетін олимпиада ойындарында жаңа терактілер жасайтынын ескерткен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.
Солтүстік Кавказ исламшыл содырларын қолдайтын интернет сайттарында 19 қаңтарда жарияланған бейнежазбада Волгоградтағы терактіні жасады делінген, өздерін Сулейман және Абдурахман деген екі адам бомба даярлап, қолдарына қару ұстап алып Сочиде жаңа жарылыстар жасауға дайындалып жатқандары туралы мәлімдейді.
Видеода бұған қоса Волгоградтағы жарылысқа қатысты ақпарат құралдарынан суреттер де көрсетіледі.
Бұл бейнежазбаға қатысты Ресей құқық қорғау орындары әзірге ешқандай түсінік берген жоқ.
Ресейде Волгоград қаласында 29 және 30 желтоқсанда екі жарылыс болып, 33 адам қаза тапқан еді. 60-қа жуық адам зардап шеккен. Жарылыстардан соң Ресейде қысқы олимпиада кезіндегі қауіпсіздікке алаңдаушылық туындай бастаған.
"Ансар ас-Сунна" - 2003 жылы Иракта құрылған, осы елдегі АҚШ әскерімен және Ирак үкіметімен күресіп жүрген радикалды исламшыл топ.