Accessibility links

Тәжин мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды


Марат Тәжин.
Марат Тәжин.
Қазақстан президентінің жарлығымен Марат Тәжин мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратта Тәжиннің "басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылғаны" ғана айтылған.

Президент жарлығымен Қазақстан мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовке жүктелген.

53 жастағы Марат Тәжин 2013 жылғы қаңтар айында мемлекеттік хатшы болып тағайындалған еді. Оның алдында Қазақстан президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметтерін атқарған.
XS
SM
MD
LG