Берлин халықаралық кинобайқауының бас бәйгесі - «Алтын аю» жүлдесі қытай режиссері Дяо Йинан түсірген «Қара көмір, жұқа мұз» фильміне табыс етілді. Бұл шытырман оқиғалы картинада бірнеше кісі өлімінің құпиясын ашпақ болған бұрынғы полицейдің негізгі күдікті саналған адамды құлай сүйіп қалғаны баяндалады.
Америкалық продюсер Джеймс Шамус төрағалық еткен байқаудың қазылар алқасы «Күміс аю» жүлдесін Уэс Андерсонның «Гранд Будапешт қонақ үйі» атты трагикомедиясына беруді ұйғарды. Бұл шығарма Берлиналдың ашылуында көрсетілген еді.
Үздік режиссер атағына 2002 жылдан бастап түсіріліп келген «Балдәурен» фильмі үшін Ричард Линклейтер лайықты деп танылды. Ал Альфред Бауэр сыйлығының «Сүю, ішу және ән салу» фильмі үшін биыл 92 жасқа толатын Ален Ренеге берілуі тосын жаңалық болды. Бұл фильм сонымен бірге киносыншыларының ФИПРЕССИ сыйлығын алды.
Қысқа метражды балалар фильмі айдары бойынша қазылар алқасының арнайы сыйлығына ресейлік режиссер Леонид Шмельковтың «Менің жеке бұланым» мультипликациялық фильмі ие болды.
Көрермендер көзайымы сыйлықтары қандай туындыларға табыс етілетіні кинофестивальдың соңғы күні, яғни бүгін жариялануы тиіс.