Мәскеудің Замоскворецк соты бүгін "Болотный ісі" бойынша айыпталған сегіз адамға үкім шығарды.
Айыпты жеті адам екі жарым жылдан төрт жылға бас бостандығынан айырылу туралы жаза кесілген. Белсенді Сергей Киров - төрт жылға, Андрей Барабанов - үш жыл жеті айға, Степан Зимин, Денис Луцкевич және Алексей Полихович - үш жарым жылға, Артем Савелев - екі жыл жеті айға, Ярослав Белоусов екі жарым жылға сотталған.
Тағы бір белсенді Александр Духанин үш жыл үш айға шартты түрде сотталды.
Сот отырысынан соң адвокат Дмитрий Аграновскийдің айтуынша, үкім прокурор талап еткен жазадан әлдеқайда жеңіл. Бұдан өзге абақтыда отырған уақыттарын ескергенде кейбір айыптылар бостандыққа шығулары мүмкін. Бірақ олар үкімге қарсы Ресей соты мен халықаралық сотқа шағымданатындарын айтады.
Бүгін Мәскеуде сотта айыпталған белсенділерді қолдап мыңға тарта адам жиналған еді. Полиция жүзге жуық адамды "қоғамдық тәртіпті бұзбақ болды" деген айыппен ұстап әкетті.
2012 жылы 6 мамырда Мәскеудегі Болотный алаңында оппозицияның акциясы шерушілер мен полиция арасында қақтығысқа ұласып, осы оқиғаға байланысты қозғалған, кейін «Болотный ісі» деп аталып кеткен іс бойынша 30-ға жуық адамға айып тағылған.
Құқық қорғаушылар "демонстранттардың полициямен қақтығысын билік өзі арандатқан және оның саяси астары бар" деп санайды.