7 наурыз күні Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальныйға Мәскеу соты 10 000 рубль (275 доллар - ред.) көлемінде айыппұл салды.
Навальный өткен аптаның дүйсенбісінде абақтыдан шыққан еді. Ол наразылық жиыны кезінде "полицияға бағынбады" деп айыпталған. Белсенді жиын кезінде полицияға қарсы ән айтқан.
Ол соттың айыппұл туралы шешімін "келесі ұсталғанда абақтыда қамаудың алғышарттарын жасау" деп бағалайды.
2013 жылы қазан айында сот Навальныйға "Кировлес" компаниясынан 16 миллион рубль қаржы жымқыру ісі бойынша бес жыл мерзімге шартты жаза тағайындаған.
Навальный тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеп, қудалауларды Ресей президенті Владимир Путинді ашық сынап жүргенімен байланыстырады.
2013 жылдың аяғында Навальныйге "косметикалық Yves Rocher компаниясының ресейлік бөлімшесіндегі алаяқтық әрекеттер бойынша қаржы жымқырды" (26 миллион рубль) деген айып тағылып, жаңа тергеу жүріп жатыр. Навальный бұл істердің барлығының саяси астары бар деп есептейді.