Accessibility links

Қазақстан украиндары Қырымдағы басқыншылықты айыптады


Украин хоры. Алматы, 4 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украин хоры. Алматы, 4 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы украин жетекшілері Украинадағы жағдайға алаңдайды. Олар президент Назарбаевты Ресей әскерінің Қырымға басқыншылығын айыптауға шақырды.

Қазақстан облыстарындағы украин этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей әскерлерінің Украина территориясына басқыншылық әрекетін айыптауға шақырып, үндеу жариялады. Осы аптада жарияланған үндеуге жеті адам қол қойған. Үндеу авторлары Қырымда болып жатқан оқиғалардан есеңгіреп қалғандарын мәлімдеп, жанжалдың ушығуына жол бермеуге шақырған.

Үндеу авторларының бірі – Алматы облысындағы Тарас Шевченко атындағы «Просвита – Жетісу украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Денис Стадничук. Ол Азаттыққа берген сұхбатында Ресейдің Қырымдағы әскери қимылдарын айыптайды.

Азаттық: – Стадничук мырза, бұл үндеуге қол қоюыңызға не әсер етті?

Денис Стадничук: – Біз Украина мен Қырымдағы қазіргі жағдайға қатты алаңдаймыз. Ресей екі елге де мүлде қажеті жоқ түрде жағдайды ушықтырып отыр. Украинадағы тұрақтылықты, елдің егемендігі мен территориялық тұтастығын қолдаған Қырым татарларының позициясы қуантады. Ол жерде Ресей өз саясатын жүргізіп жатыр. Өкініштісі сол, наурыздың 16-сына белгіленген референдум өтетін сияқты.

Ашығын айтқанда, ол жақтағы адамдардың таңдау еркі де жоқ. Мысалы, бюллетеньге «Сіз Ресей Федерациясы құрамына кіруді жақтайсыз ба?» не «1992
Қырымдағы украинашыл шерушілер. Симфереполь, 13 наурыз 2014 жыл.
Қырымдағы украинашыл шерушілер. Симфереполь, 13 наурыз 2014 жыл.
жылғы конституцияны қайта енгізуді жақтайсыз ба?» деген сұрақтар енгізілген. Сұрақтардың өзі дұрыс қойылмаған. Өткелі жатқан референдум барлық заң нормаларына қайшы. Неліктен? Өйткені мемлекеттің құрамдас бір бөлігі (тіпті автономиялық республика болсын) өздігінен референдум өткізетін халықаралық практика болса, Еуропа мен постсоветтік кеңістіктегі көп мемлекеттердің тұтастығы бұзылар еді. Референдум – бүкіл елді қамтитын шара. Мысалы, Чехословакия мемлекеті Чехия мен Словакияға бөлінген кезде референдум бүкіл елде өткен.

Азаттық: – Қазақстан билігінің Украинадағы оқиғаларға қатысты реакциясы жөніндегі ойыңыз қандай? Нұрсұлтан Назарбаевты «дағдарыстың алғашқы күндері үнсіз қалып, Украинадағы жағдай мен Кремльдің әрекетіне баға бермеді» деп сынайтындар көп.

Денис Стадничук: – Меніңше, мына жағдайда ол басқаша әрекет ете алмайды. Қазақстан Кеден Одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы аясында Ресеймен ұзақ мерзімді әріптестік орнатқан. Салмақты, ұстамды позиция ұстанады деп ойлаймын. Ең бастысы, ол жанжалды ушықтыруға үзілді-кесілді қарсы.

Азаттық: – Қырымдағы жағдай қалай өрбиді деп ойлайсыз?

Денис Стадничук: – Ақылды адам мұның пәлелі іс екенін түсінеді. Ол бір басталса, тоқтауы қиын болады. Басып алған территорияда енді референдум өтпек. Сондықтан мұны референдум деудің өзі қиын.

Жанжал әрі қарай ушыға бере ме деп қорқамын. Шығыс Украинаға әскерін кіргізбеуге Ресейдің ақылы жететін шығар. Қазір бүкіл шекара бойында Ресейдің 220 мың адам әскері тұрғанын өзіңіз де білесіз.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рахмет.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG