Қырғызстан премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев 25 наурызда отставкаға кетті. Жаңа үкімет құрылғанға дейін үкімет жетекшісінің міндетін атқару премьердің бірінші орынбасары Жоомарт Оторбаевқа жүктеледі.
Сатыбалдиев қырғызстандықтардан өзі басқарған үкімет "көптеген стратегиялық тапсырмаларды" орындай алмағаны үшін кешірім сұрады.
2012 жылы қыркүйек айынан бері премьер-министр болып келген Жантөрө Сатыбалдиев пен оның үкіметі 19 наурызда "Ата Мекен" партиясы басқарушы коалиция құрамынан шығып кеткен соң отставкаға кетуге мәжбүр болған. Партия жетекшісі Өмірбек Текебаев Сатыбалдиевтің "былтыр ірі қылмыскер түрмеден босатылып, кейін елден қашып кеткеннен соң үкіметті басқаруға моральдық құқығы қалмады" деген.
"Ата Мекен" партиясы бұған қоса үкімет басшысын "Қырғызстан өз үлесін арттыруды көздеп, "Құмтөр" алтын кенішінің мәселесін де шеше алмады" деп те айыптаған.