Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресей парламентін сөз бостандығын шектейтін заң жобасын қабылдамауға шақырды.
Заң жобасы "Ресей империясының, СССР мен Ресей Федерациясының және қарулы күштердің беделін түсіретін" ақпараттарды таратуға тыйым салады.
28 наурыз күні таратылған Human Rights Watch мәлімдемесінде жаңа заң жобасын "Сөз бостандығына бұрын-соңды болмаған шабуыл" деп бағалады.
Мұндай заң қабылдауды ұсынған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Олег Михеев "Украинадағы кейінгі оқиғалар ақпараттық соғысты күшейтті және ол ұрпақтың өз отаны туралы теріс түсінігін қалыптастыруы мүмкін" дейді.
Заң жобасында жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлерге - 81 АҚШ доллары, ұйымдарға, БАҚ-қа - 13 мың 500 доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған.