Accessibility links

Иракта 14 адам қаза тапқан


Жарылыстан бүлінген көлік қаңқасының жанында тұрған адам. 13 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Жарылыстан бүлінген көлік қаңқасының жанында тұрған адам. 13 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ирактың сүнниттер мекендейтін аудандарында соңғы бір тәулікте шабуылдардан кемінде 14 адам мерт болған.

Анбар провинциясында бүгін жанкешті автокөліктегі минаны жарып, салдарынан Рамади қаласындағы негізгі көпірлердің бірі қатты бүлінген. Жарылыстан кемінде бес адам өліп, жетеуі жараланған.

Бүгін Бағдаттың солтүстігінде орналасқан Тикрит қаласында жол бойына орнатылған бомба жарылып, екі полиция қызметкері қаза тапқан.

Өткен түні елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында қарулы топ бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасап, жеті әскери қызметкерді атып өлтірген.

Былтырдан бері Иракта қантөгіс оқиғаларының күрт көбеюін шииттер басқаратын үкіметке елде азшылықты құрайтын сүнниттердің наразылығымен, сондай-ақ көршілес Сириядағы азаматтық соғыспен байланыстырады. «Франс пресс» агенттігінің деректері бойынша, Иракта наурыз айында 500-ге жуық адам, ал жыл басынан бері 2200 адам құрбан болған.

Тура бір айдан соң, сәуірдің 30-ы күні Иракта парламент сайлауы өтпекші.
XS
SM
MD
LG