Ресей Украина құрамынан шығып, өзіне қосылған Қырым түбегіне бақылауды күшейтетін жаңа шараларды қабылдады.
Ресейдің Орталық банкі бүгін Қырымда қызмет ететін украиналық төрт банк - PrivatBank, "Бүкілукраиналық акционерлік банк", "Киев русі банкі" және Imexbank мекемелерінің жұмысын тоқтату туралы қаулы шығарды.
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин "өтпелі кезеңде" Қырым мен Севастополь қаласындағы барлық банктік депозиттерді қорғау туралы федералдық заңға қол қойды.
Путин бұған қоса Украинаның бұрынғы әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, адмирал Денис Березовскийді Ресейдің Қара теңіз флоты қолбасшысының орынбасары етіп тағайындады.
Украина әскери-теңіз күштерін басқарған Березовский 2 наурызда Қырымның өзін-өзі жариялаған билігіне ант берген еді. Кейін Украина билігі оның үстінен "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен іс қозғаған.
Сонымен бірге Путин Қырымдағы Ресей президенті кеңсесінің жетекшісі етіп Александр Голублевті тағайындады.