Accessibility links

"Вконтакте" Павел Дуровты жұмыстан босатты


Ресейлік "Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров.
Ресейлік "Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров.
Ресейлік "Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін салушы және атқарушы директоры Павел Дуров өзін компаниядан жұмыстан шығарып жібергенін мәлімдеді. Дуров әлеуметтік желі Ресей президенті Владимир Путиннің сенімді өкілдері Игор Сечин мен олигарх Алишер Усмановтың "толық бақылауында" екенін де хабарлады.

Павел Дуров осы әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің компаниядан шығарылғанын ақпарат құралдарынан естіп-білгенін жазған. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, "Вконтактенің" баспасөз қызметі "Дуров компаниядан 21 наурызда өз өтінішімен кетті, ол өтініші бір айдан кейін күшіне енді" деген.

Өткен аптада Дуров "Вконтакте" компаниясындағы 12 пайыз акциясын Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қысымымен сатқанын мәлімдеген еді. Айтуынша, ФСБ өзін әлеуметтік желідегі Украинадағы Еуромайдан белсенділерінің жеке мәліметтерін беруді және ресейлік коррупциямен күресуші белсенді Алексей Навальныйдың сайттағы тобын жабуды сұраған, бірақ Дуров одан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG