Accessibility links

Ресей Канада дипломатын елден шығарады


Суретте алдыңғы қатарда тұрған Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)
Суретте алдыңғы қатарда тұрған Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты. (Көрнекі сурет)
Канаданың осы айдың басында Ресей әскери атташесін шығарып жіберуіне жауап ретінде Ресей үкіметі елден канадалық дипломатты шығаратынын ескертті.

Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Мәскеудегі Канада елшілігінің бірінші хатшысы, дипломат Маргарита Атанасовқа елден кетуге екі апта уақыт берілген.

Канада таяуда Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына байланысты салған санкциялары аясында елде біріккен оқу-жаттығуға қатысып жүрген Ресейдің тоғыз офицерін шығарып жіберген еді.

Канада премьер-миинстрі Стивен Харпер Ресейдің Украинадағы әрекетін "басқыншылық, милитаристік және империалистік пиғыл" деп атаған.
XS
SM
MD
LG