Accessibility links

Бакудің белсенділерге қысымы тіксінтті


Бакуде Бейбітшілік пен демократия институтының директоры Лейла Юнус.
Бакуде Бейбітшілік пен демократия институтының директоры Лейла Юнус.

Әзербайжанда құқық қорғаушылар қысымға ұшырап, бұл оқиға Батыстың алаңдаушылығын туғызды.

Халықаралық адам құқығын қорғау тобы Лейла Юнус пен оның жұбайы Арифті тұтқындауға наразылық танытты. Оларды сәуірдің 28-і күні Дохаға ұшқалы тұрғанда Баку әуежайында ұстаған.

БІР АЙДА ЕКІ АДАМ «ТЫҢШЫ» АТАНДЫ

Билік өкілдері олардың компьютерлері мен құжаттарын тәркілеп, жеке заттарын тартып алған, ерлі-зайыптылардың қарсылығына қарамай сәуірдің 29-ы күні Юнустың үйін де, кеңсесін де тінтіп шыққан. Лейла Юнус журналистерге үйінен тыс жерде жолығып, әзербайжан билігінің қандай айып таққанын түсінбей отырғанын айтты.

«Олар бізге ешқандай құжат көрсеткен жоқ. Бізді тұтқындау себебін де айтпады. Неліктен біздің елден кетуімізге тыйым салатыны да түсініксіз. Түнгі сағат 11-ден таңғы 3-ке дейін үйімізді тінтіп, компьютеріміз бен жеке құжаттарымызды алып кетті, оның ішінде қызымның хаттары мен газеттер де бар» дейді ол.

ВИДЕО: Құқық қорғаушылардың наразылығы
Әзербайжан құқық қорғаушыларының тұтқындалуы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

Түнде пәтерін тінтуге жол бермес үшін Ариф Юнус сырқаттанып тұрғанын айтқан. Бірақ Азаттықтың Әзербайжан қызметінің мәлімдеуінше, билік өкілдері сәуірдің 29-ы күні қайтып келіп, үйді тінтіп шыққан.

Бұл - ел президенті Ильхам Әлиевтің әкімшілігін сынауға себеп болған, шетелдің назарын аударған бір ай ішіндегі екінші оқиға.

Бұған дейін, сәуірдің 19-ы күні журналист Рауф Миркадыров Баку әуежайында
Рауф Миркадыровты (ортада) сотқа әкеле жатыр. Әзербайжан, 25 сәуір 2014 жыл.
Рауф Миркадыровты (ортада) сотқа әкеле жатыр. Әзербайжан, 25 сәуір 2014 жыл.
«тыңшы» деген айыппен тұтқындалған еді. Белсенділерге қысымның күшейгенін АҚШ пен басқа елдер «қауіпті әдет» деп бағалай бастады.

Күн сайын шығатын орыс тілді «Зеркало» газетінің комментаторы Миркадыров үш жылдан бері Түркияда тұрады. Оған «Армения тыңшысы», «мемлекеттік құпияны жария етті» деген айыптар тағылған.

Ол соңғы кездері Бакудегі Бейбітшілік пен демократия институтын құрған, әзербайжандар мен армяндардың байланысын жақсартуды мақсат еткен Лейла Юнуспен әріптес болып жүрген.

Әлиевтің режимі адам құқығын жиі бұзатыны үшін үнемі сынға ұшырап келеді. Бірақ Бакудің осы жолғы әрекеті «қолайсыз мерзімге» дөп келіп қалды. Бұл елдің Еуропа кеңесі министрлері комитетінің төрағасы болуға мүмкіндігі бар. Мәселе мамыр айында шешіледі. Бұл - Еуропадағы адам құқықтары ахуалын бақылайтын орган.

«МЕНІ ТҰТҚЫНДАУҒА СЕБЕП ІЗДЕП КЕЛЕДІ»

Осы екі жағдай өзара байланысты деген жорамал бар. Миркадыровты тұтқындаған соң Лейла Юнус Азаттықтың Әзербайжан қызметіне өзіне де тықыр таянғанын айтты.​
Мені «есірткі сақтады» деп ұстаса, күлкілі болып қалатын еді. Сондықтан «отанға опасыздық жасады» деп отыр.
Лейла Юнус.


​«Көптеген жылдардан бері Әзербайжан билігі мені тұтқындауға тырысып келеді. Ішкі істер министрі Рамиль Усубовты сотқа бермек болғанымда олар үйімді талқандады. Қазір олар қалаған адамын тұтқындай береді. Мені «есірткі сақтады» деп ұстаса күлкілі болып қалатын еді. Сондықтан олар енді «отанға опасыздық жасады» деп отыр. Ондай мәселердің қыр-сырын ешкім біле бермейді. Мемлекеттік телеарналар мені «30 жылдан бері армяндарға қызмет етті» деп мәлімдеді. Олардың жоспары - адам құқығын қорғаушыларды «тыңшылар тобы» деген желеумен қамау. Билік басқаша ойлайтын, саяси тұтқындардың қамын ойлайтын адамдардан құтылмақ» деген еді Лейла Юнус.

Юнустың қорғаушысы Халид Багиров Азаттықтың Әзербайжан қызметіне: «Юнустың тұтқындалуының Миркадыров ісіне қатысы болуы мүмкін» дейді. Басында Багировтың Юнусқа жолығуына рұқсат етпеген еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқығы және еңбек мәселелері бойынша көмекшісі Том Малиновский Юнустың ісі «алаңдарлық жайт» екенін айтып, «АҚШ бұл пікірін Баку билігіне жеткізеді» деді Азаттыққа.

Оның сөзінше, «Үкімет саясатын бейбіт түрде сынайтын адамдар мен азаматтық қоғамды құртуға тырысатын қоғам бейбіт өмір сүру мүмкіндігінен айырылады». «Бұл тұрақтылыққа әкелетін жол емес» дейді АҚШ өкілі.
Үкімет саясатын бейбіт түрде сынайтын адамдар мен азаматтық қоғамды құртуға тырысатын қоғам бейбіт өмір сүру мүмкіндігінен айырылады.
Сәуірдің 29-ы күні Human Rights Watch ( HRW) ұйымы «Юнустардың шетелге шығуына ешқандай кедергі жасалмауы тиіс» деп мәлімдеді.

HRW-дің Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры орынбасары Рейчел Денбер Юнустардың басындағы жағдайдың «саяси астары бер екені анық» дейді.

Норвегиялық Хельсинки комитеті биліктің әрекеті ерлі-зайыпты Юустердің «әзербайжандар мен армяндар арасын жарастыру жайлы көптен бергі істеріне қатысты болуы мүмкін» деген жорамал білдірді.

«Барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды Лейла Юнус пен Ариф Юнусты, Рауф Миркадыровты тұтқындауға қарсылық білдіруге шақырамыз» деген мәлімдеме жасады бұл ұйым.

Лейла Юнус адам құқықтарын қорғау саласында істеген жұмыстары үшін жақында Францияның "Құрметті легион" орденімен марапатталған еді. Оған 2013 жылдың мамырында адам құқықтарын қорғау жолындағы еңбегі үшін Германияда Теодор Геккер атындағы сыйлық та берілген.

Журналистерді қорғау комитеті Әзербайжанның Миркадыровты тұтқындағанын айыптап, билікті «ойдан шығарылған айыптауларды тоқтатып, ел заңдарын тәуелсіз ақпаратты шектеуге қарсы пайдалануды доғаруға» шақырды.

(Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)
XS
SM
MD
LG