Accessibility links

Украинада дағдарысқа қатысты жиын өтеді


Украин әскерлері шығыс облыстардың біріндегі өткізу пунктінде тұр, 14 мамыр 2014 жыл.
Украин әскерлері шығыс облыстардың біріндегі өткізу пунктінде тұр, 14 мамыр 2014 жыл.
Украина билігі 14 мамырда Киевте елдің шығысындағы жағдайды реттеу жөніндегі жалпыукраиндық дөңгелек үстел өткізеді. Жиынға үкімет мүшелері, парламент депутаттары, аймақтардың өкілдері қатысады. Ресейшіл сепаратистердің өкілдері дөңгелек үстелге қатыспайды.

Жиын барысында ұлттық бірлік және конституциялық реформалар өткізу жайы талқыланбақ.

Дөңгелек үстелді қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер жүргізеді.

АҚШ украин билігінің диалог өткізуін құптап, Ресейді бұл бастаманы қолдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG