Ресейдің федералдық ғарыш агенттігі мамырдың 16-сына қараған түні Байқоңырдан ұшқан «Бриз-М» блокты «Протон-М» зымыран тасығышының «штаттан тыс жағдайдың» кесірінен «орбитаға шыға алмай қалғанын» хабарлады. Зымыран тасығыш орбитаға «Экспресс-АМ4Р» байланыс аппаратын шығаруға тиіс болған.
«Роскосмос» баспасөз қызметі мамырдың 16-сы күні «Ақаудың зымыран тасығыш ұшырылғаннан 9 минут өткен соң анықталғанын» айтады. Ресей федералдық ғарыш агенттігі ресми сайтында «Қазір мемлекеттік комиссияның штаттан тыс жағдайдың себептерін тексеріп жатқаны» жазылған.
«Роскосмостың» Youtube-тегі парақшасына жарияланған видеода «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылғаннан шамамен тоғыз минут өткенде оқыс жағдай туындағаны хабарланады. Онда кадр сыртындағы дауыс 10-минутта «штаттан тыс жағдай туындағанын, репортаж аяқталғанын» хабарлайды.
Зымыран тасығыш Байқоңырдан Астана уақытымен түнгі сағат 03:42-де ұшырылған. Ресми агенттік зымыранның жарылғаны, я жерге құлағаны туралы ақпарат бермеген. Ресей ақпарат құралдары ғарыш агенттігінің өкілдеріне сілтеме жасап, зымыран тасығыштың сынықтары «Қазақстаннан тыс, жоспарланбаған аумаққа - Тынық мұхиты немесе Алтай маңына құлауы мүмкін» екенін хабарлап жатыр.
Ал «Қазғарыш» агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Ербол Дәулетов Азаттық тілшісіне:
"Зымыран ұшырылғаннан соң шамамен 4-5 минутта кем дегенде Жердің атмосфера қабатынан 300-350 километр қашықтыққа алыстап, Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Ал зымыран ұшырылғаннан 9 минут өткенде апатқа ұшырады. Бұл - ұшырылым процесінің үшінші сатысында зымыран орбитаға жақындап қалады деген сөз. Осындай жағдайда зымыран апатқа ұшырағанның өзінде көбінесе оның қалдықтары атмосфера қабатында жанып кетеді. Тіпті Жерге құлады дегеннің өзінде сынықтары ресейліктердің есебі бойынша Тынық мұхиты аумағына түсуі мүмкін. Апаттан Қазақстанға қандай да бір келіп-кетер зиян жоқ" деді.
Ресми «Россия 24» теларнасы Ресейдің «Протон» зымырандарын ұшыруды апат себебі анықталғанға дейін тоқтата тұратынын, орбитаға шығарылуы тиіс болған «Экспресс-АМ4Р» байланыс аппаратының құны 1 миллиард рубльден асатынын» хабарлады.
Былтыр шілденің 2-сі күні ресейлік үш «Глонасс» спутнигі тиелген «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді.
Апат орнындағы зиянды заттардың шектік концентрациясы туралы екі елдің ақпараты екі түрлі болған. Қазақстандық мамандардың бағалауынша ол 660-тан 330-ға дейін, ал ресейлік мамандардың есептеуінше, ол 130-дан 10-ға дейін төмендеген. Апаттан кейінгі айларда қазақстандық белсенділер Ресейдің Байқоңырдан гептил қолданатын зымырандар ұшырмауын талап еткен бірнеше акция өткізді.
2013 жылы қарашаның 22-сі күні Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Байқоңырда шілдеде болған апаттан экологияға 89 миллион АҚШ доллары (13 миллиард 690 миллион 747 мың 305 теңге) көлемінде зардап келгені туралы Ресейге хабарлаған еді. Қарашаның 28-і күні «Роскосмос» апат аймағында экспертиза жасайтынын, «компенсацияны экологияға келген зардап дәлелденген жағдайда ғана төлейтінін» мәлімдеді. Ресей тарапы өтемақы туралы қандай шешім қабылдағанын әлі хабарлаған жоқ.