Таиланд армиясы елде әскери жағдай жариялап, билікті төңкеріс арқылы басып алу әрекеті жоспарын жоққа шығарды.
Армия басшылығы бұл шешімін елде үкіметке қарсылық акциялары мен тәртіпсіздіктер жалғасып жатқан тұста "тұрғындардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігінен туындады" деп түсіндіреді. Таиландта үкіметке қарсы шерулер басталған былтырғы қараша айынан бері 30-ға тарта адам қаза тапқан.
Осы айдың басында Таиландтың конституциялық соты премьер-министр Йинглак Чинаватты қызметінен кетірген. Содан бері елді уақытша үкімет басқарып отыр.
Таиланд қарулы күштері бас қолбасшылығы мен әділет министрлігі елде әскери жағдай жарияланғаннан кейін де үкімет жұмыс істеп жатқанын айтады.
Йинглак Чинаваттың ағасы, қуғындағы экс-премьер Таксин Чинаваттың жақтастары Таиланд министрліктерінде жоғары лауазымды қызметтерде әлі де отыр.