Қазақстан шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Серік Әшімбаев пен шекара қызметі тыл бас басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Айбекжан Нұрмановтың үстінен "билікті және қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деген айып бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, Әшімбаев пен Нұрмановқа "Astana Finance Union" фирмасының директоры Мұқановпен қылмыстық келісім жасасып, мемлекет есебіне қызметтік тұрғын үйлер сатып алу жұмыстары барысында билікті және қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бюджетке 230 миллион теңгеден астам соманың материалдық шығынын келтірген" деген айыптар тағылған.
Қылмыстық іс бойынша әскери бас прокуратура тергеу жүргізіп, істі Ақмола гарнизоны әскери сотының қарауына жолдаған.