Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 16 маусым күні Астанада АҚШ президентінің арнайы көмекшісі - Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша директоры Селестэ Уолландермен кездесті.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен дамуын талқылаған.
Кездесуде Селестэ Уолландер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шетел инвестициясын тарту жолдарын жеңілдету ұсыныстарын қызығушылықпен қабылдағанын айтқан. Оның айтуынша, Барак Обама әкімшілігі АҚШ-тың іскер топтарымен Қазақстанға инвестиция салу және ЭКСПО-2017 сияқты жобаларға қатысуға тарту жайында жұмыс істемек.
Ыдырысов пен Уолландер бұған қоса халықаралық саясат және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде Украинадағы дағдарыс пен Ауғанстаннан НАТО әскері шығарылғаннан кейінгі тұрақтылық туралы пікір алмасқан.