21 маусым күні Кабул қаласында сайлау нәтижесін "бұрмалауға" қарсы наразылық акциясы өтті.
Ауғанстан президенті сайлауына түскен Абдулла Абдулланың жүздеген жақтасы "сайлау нәтижесі бұрмалануы мүмкін" деп мәлімдеп, көше қарсылығы акциясын өткізді. Олар Ауғанстандағы Тәуелсіз сайлау комиссиясына қарсы ұрандар айқайлаған.
Ақпараттарға қарағанда қарсылық акциясы бейбіт өткен. Ауғанстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла билікті "сайлау нәтижесін бұрмалайды" деп айыптайды.
Ауғанстанда президент сайлауының екінші туры 14 маусым күні өткен. Онда Абдулла Абдулла мен Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани бәсекеге түсті.
Абдулла дауыс беру нәтижесін шығару процесіне БҰҰ-ның араласуын сұрайды. Абдулланың бұл әрекеттері Ауғанстаннан шетел әскері шығар алдында жағдайды шиеленстіріп жіберуі мүмкін.