Accessibility links

ОҚО: Кенеден адамға қырым қанды безгегі жұққан


Адам денесіне жабысқан кене. (Көрнекі сурет)
Адам денесіне жабысқан кене. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысының тағы бір тұрғынынан қырым-конго қанды безгегі анықталған.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Ерлан Рысқұловтың Азаттыққа айтуынша, Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының 14 жастағы тұрғыны сырқаттанып 21 шілде күні жергілікті ауруханаға барған. Науқас дәрігерлерге 15 шілде күні ішін кене шағып алғанын, бұл туралы ешкімге айтпағанын, 5 күннен кейін мазасызданғанын жеткізген.

Жасөспірімнің шағымын тыңдаған дәрігерлер оны бірден ауруханаға жатқызып, медициналық-лабораториялық тексеру өткізген. Нәтижесінде науқастың қырым-конго қанды безгегін жұқтырғаны анықталған. Онымен байланыста болған отбасының 5 адамын да дәрігерлер бақылауға алған. Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп хабарланды.

«Жалпы жыл басынан бері облыста 3 мыңнан аса адамды кене шаққан. Ал 4 адамнан қырым-конго қанды безгегі диагнозы анықталды. Бұл диагноз бойынша адам қазасы тіркелмеді» дейді Ерлан Рысқұлов.

XS
SM
MD
LG