Accessibility links

"Ведомости": "Роснефть" мемлекеттен көмек сұрады


Ресейлік "Роснефть" мұнай компаниясының президенті Игорь Сечин.
Ресейлік "Роснефть" мұнай компаниясының президенті Игорь Сечин.

Ресейдің "Роснефть" мұнай компаниясының президенті Игорь Сечин үкіметтен АҚШ-тың экономикалық санкциялар салуына байланысты компанияға қаржылай көмектесуді сұрады деп жазды бүгін ресейлік "Ведомости" басылымы.

Шілденің ортасында АҚШ қаржы министрлігі америкалық азаматтарға, компаниялар мен банктерге және операциясын АҚШ арқылы жүргізетіндерге ресейлік "Роснефть", "Новатэк", "Газпромбанк" және "Внешнеэкономбанкке" несие мен займ беруге тыйым салған.

Басылым дереккөзінің хабарлауынша, санкцияны тек АҚШ қана қабылдағанымен, америкалық қор нарықтарында жұмыс істейтіндіктен оған іс жүзінде еуропалық көптеген банктер мен инвесторлар да қосылған.

Сечин мемлекетке ұлттық әл-ауқат қоры есебінен "Роснефтьнің" жаңа облигацияларын бір жарым триллион рубльге (44,5 миллиард АҚШ доллары) сатып алуды ұсынған. Компания 2013 жылы ТНК-BP компаниясын сатып алған соң өте үлкен сомаға қарызданып қалған. Бірақ Ресейдің экономикалық даму министрлігі мемлекетте "Роснефть" қарызын жабатындай қаржы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG