Accessibility links

Обама мен Меркель Ресейдің Украинаға жүк енгізуін айыптады


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель. 4 қараша 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель. 4 қараша 2011 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель телефон арқылы әңгімеде Ресейдің Украинаға «гуманитарлық жүк» тиеген автокеруен енгізуін айыптады. Ақ үй таратқан мәлімдемеде екі елдің басшылары Киевтің келісімінсіз Мәскеудің жүк тиеген көліктерді енгізуі «Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзу және кезекті арандатушылық екендігіне» келіскені айтылған.

АҚШ пен Германия лидерлері Ресей рұқсатсыз кіргізген жүк керуенін Украина аумағынан шығаруы керек деп санайды. Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинаға ресейлік автокеруеннің енгізілуіне байланысты алаңдаушылық білдірген еді.

22 тамыз күні Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оңтүстік-шығысына гуманитарлық көмекті жеткізу туралы Мәскеудің біржақты шешім қабылдауына бұл мәселеде Киевтің «сөзбұйдалыққа салынуы себеп» болғанын айтқан.

Бүгін Германия канцлері Киевке барады. Ол Украинаның шығысындағы жанжалды аймақтағы атысты тоқтату мақсатында келіссөздер жүргізбек.

XS
SM
MD
LG