Конгода аса қауіпті Эбола вирусын жұқтырған алғашқы екі адам қайтыс болды. Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде бұл вирус жаппай таралғалы одан көз жұмған адам 1400-ден асқан.
Нигерияда да Эбола вирусын жұқтырған бес адам қайтыс болды.
Сьерра-Леонеде Эбола вирусын жұқтырған алғашқы ұлыбританиялық азамат, дәрігер 24 тамыз күні Лондонға эвакуацияланған. Оны Лондонда арнайы оқшауланған орында емдемек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) өзінің бір қызметкері Сьерра-Леонеде қауіпті індет жұқтырғанын растады. Ол осы елдегі арнайы ауруханаға жатқызылған. ДСҰ оны эвакуациялау мүмкіншіліктерін қарастырып жатыр.